Қылмыс

Алматыда қыз зорлаған банкир мен прокурордың туыстары жаға ұстатты

  • https://www.elheraldo.co/

    https://www.elheraldo.co/

Алматыда топтасып қыз зорлаған банктің топ менеджері мен бұрынғы прокурорға қатысты іс созылып барады. Жәбірленушінің қорғаушысы Жанна Оразбахтинаның айтуынша, жазасын алуы тиіс күдіктілер өз таныстарын араға салып, бостандықта қалудың бар амалын жасап жатыр. Тіпті, олардың туысқандары жәбірленушіге қоқан-лоққы көрсетіп, кешірім беруін талап етуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Атышулы істен кейін құқыққорғаушылар Қазақстандағы зорлық құрбандарын аңдушылар мен қысым көрсетушілерден қорғауды сұрайды.

 

"Іс кезінде жемқорлық белгілерінің көп екенін байқадық. Ақша беру, істі таныстары арқылы шешу жолдары қарастырылған. Тіпті, күдіктілерге көмектесетін адамдардың фамилиялары, оларға берілетін қаржы сомасына дейін талқылануда. Мұның бәрі WhatsApp мессенджеріндегі жазбалар мен куәгерлер сөзі арқылы дәлелденіп отыр. Одан бөлек, банкирдің босап шығатыны оның достарына белгілі болған. Өйткені, аудан прокурорының күдіктіні босататыны күмән тудырмаған. Олар банкирдің босап шығатынын қайдан білді? Мұндай шешімдерді прокурор ғана қабылдайтынын ескерсек, бәрі өте күдікті көрінеді. Ал алдын ала бәрі анықталып қойса, жемқорлық емей немене?", - дейді жәбірленуші қыздың адвокаты Жанна Оразбахтина.

 

Жәбірленушінің қорғаушылары бұл іске келгенде жемқорлыққа қарсы ведомство өкілдерінің үнсіз қалғанына ашулы.

 

"Маған түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, жәбірленушінің кешірім беруін талап ететіндер көп. Олар үнемі кездесуге шақырады. Біз әу бастан екі жақтың татуласуы мүмкін емес екенін айттық. Зорланған қыздың бір ғана талабы бар - екі зорлықшыны соттап, түрмеге отырғызу. Қазір әлеуметтік желілерде түрлі жалған аккаунттар ашылып, жәбірленуші қызды қорлап, оны сексуалды бағыттағы қызмет көрсететін жеңіл жүрісті әйел ретінде көрсетуде. Зорлықшылардың туыстары онсыз да қорлық көрген қызды аңдып, үйіне бұзып кірмек болды. Қылмыстық кодексте жәбірленушілерді қорғау заңмен қарастырылған. Бірақ бұл іс барысында мұны көрмей отырмыз. Топтасып қыз зорлағандар кейін жәбірленушіні аңдып, үнемі қоқан лоққы көрсетеді", - дейді адвокат Жанна Оразбахтина.

 

 




Көрілген: 1298    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30