Қылмыс

Алматыда лифт түймелеріне түкірген азамат ұсталды

  • Алматыда лифт түймелеріне түкірген азамат ұсталды

    Алматыда лифт түймелеріне түкірген азамат ұсталды

 Алматыда лифт кнопкасына жалғасқан бұзақы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды тілшісі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеп хабарлайды.

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адамның лифт түймесіне түкірген бақылау камерасына түсіп қалған видеосы желіде қызу талқыға түскен еді. Бұзақы табылды. Ер адамның заңсыз әрекеттері "Алатау сити" тұрғын үй кешеніндегі кіреберістің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасының объективіне түсті.

"Оның жеке басы анықталды,ол "ұсақ бұзақылық" көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша полицияға жеткізілді және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберілді", - деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, құқық бұзушы өкініп, қоғамнан кешірім сұрады.

"Қатты ашу үстінде лифт түймесіне түкіргенімді мойындаймын. Осыған байланысты тұрғын үй кешенінің тұрғындары алдында кешірім сұраймын", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда лифт түймелеріне түкірген азаматтың видоесы Қазнетте қызу талқыға түскенін жазған едік.

Stan.kz

 




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

сенбі, 11.04.2020, 16:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31