Қылмыс

Алматыда лифт түймесіне түкірген ер адам қандай жазаға кесілгені белгілі болды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Жедел саты түймелеріне түкірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Естеріңізге сала кетейік, Алатау ауданының полиция қызметкерлері “Алатау сити” тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінде жедел саты түймелеріне түкірген адамды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

“Оның заңсыз әрекеттерін бейнебақылау камералары жазып алған. Әкімшілік материалдар дереу әкіммшілік кодекстің екі бабы бойынша жиналды: ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық және ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы, 6 бөлігі – төтенше жағдай режимін бұзу. Ал бүгін, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 1979 жылы туылған А. мырза осы құқық бұзушылықтар үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Қылмыскер әкімшілік қамауға алынғандар отыратын ПД-нің қабылдап-тарату орнына орналастырылды”, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

 

Бұған дейін құқық бұзушы қатты өкінетіндігін айтып, халықтан кешірім сұраған.

 

“Ашулы күйімде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын”, – деді А.мырза.

 




Көрілген: 209    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.04.2020, 09:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31