Алматыда ломбард тонағандардың әрекеті бейнекамераға түсіп қалды

25 ақпан 2022, 13:27

Белгісіз біреулер қаладағы ломбардтардың бірінен ұялы телефондарды ұрлап әкетті деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Тексеріс барысында олардың қолға түскен күдіктілердің Алматы облысының тұрғындары екені анықталды.

 

Аталған іске қатысы бар деген күдікпен 20 және 24 жастағы екі ер адам ұсталды.

 

"Күдіктілер ломбардқа кіріп, сатылымда тұрған ұялы телефондарды тексеру үшін көрсетуін сұрап, қолдарына ала сала қаша жөнелді. Кей жерлерде олардың заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазіргі уақытта күдіктілер жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың 5 дерегі дәлелденді. ҚК-тің 191-бабы 2-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деді Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.