Қылмыс

Алматыда лотерея ұйымдастырғандар ұтысқа тігілген 4 көлікті жалға алған

  • https://bezobmana24.com/

    https://bezobmana24.com/

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде ұтысы жоқ жалған лотерея ойынын ұйымдастырған топты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған топ 2020 жылдың 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында құнды ұтыс сыйлықтарын - яғни 4 автокөлік (2 седан және 2 джип), Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер және басқа да тұрмыстық техниканы ойнатпақ болып, жалған лотерея ойынын ұйымдастырған.

 

Алайда, жоғарыда көрсетілген құнды сыйлықтар болмаған. Олар лотерея ойынына қатысушыларды сендіру үшін, 4 автокөлікті басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталды.

 

Әлеуметтік желелерде жүргізген жарнама арқылы 9 900 теңге тұратын 20 000 данадан астам ойын билеті сатылған. Ұтыс ойынын ойнататын бағдарламаға, ұйымдастырушылармен алдын ала белгіленген ұтыс билеттері енгізілген.

 

«Қазіргі таңда, ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бірқатар азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады қалалық экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ, лотерея ойынын ұйымдастырушылар төтенше жағдай шектеуін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Еске салайық, Алматыда 12 адам бір ғимаратқа жиналып ұтыс ойынын ұйымдастырған. Жиналғандар онлайн трансляция жүргізген. Олардың арасында әнші Ернар Айдар да бар. Әнші карантин режімі бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31