Қылмыс

Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті бұзып өтіп, полиция көлігін жапырып кетті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыда ер адам көлігімен блок-бекетті бұза жарып өтті. Жылдамдықты шамадан тым асырған ол полицияның машинасына соғылып барып бір-ақ тоқтаған. Соның салдарынан бір тәртіп сақшысы зардап шекті, деп хабарлайды kaz.zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

 

Оқыс оқиға Алатау ауданындағы №4 бақылау-өткізу бекетінде болған. Жүйткіген "Тойота Ипсум" сол жердегі металл турникетті бұзып өтеді. Жүгенсіз жүргізуші бұдан кейін де қозғалысты жалғастырып, тоқтап тұрған "Киа" маркалы полиция көлігіне соғылған. Бұдан соң жол шетіндегі тағы екі машинаға барып ұрылады. Қызметтік көлікте отырған бір полицей зардап шеккен. Екі аяғы да сыныпты.

 

Ал тізгіндегі тентек 50-ді еңсерген азамат екен. Алматы облысы Көксай ауылының тұрғыны. Ел ағасы болатын жасқа жеткен ол "араққа сылқия тойып алған" дейді полицейлер. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 1322    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31