Қылмыс

Алматыда мас мұғалімдер мен оқушылар төбелесі: Оқушылар оқиғаның қалай болғанын айтты

  • Алматыда мас мұғалімдер мен оқушылар төбелесі: Оқушылар оқиғаның қалай болғанын айтты

    Алматыда мас мұғалімдер мен оқушылар төбелесі: Оқушылар оқиғаның қалай болғанын айтты

Ұр да жық ұстаздар. Алматыда мектеп мұғалімдері оқушыларға қол көтерген. Араққа тойған педагогтордің бірі орта білім ордасында отыз жылға жуық, ал екіншісі жиырма жылдай қызмет еткені белгілі болды.


Алматыда ішімдікке сылқия тойған мұғалімдер оқушыларды ұрып, небір балағат сөз айтты


Ащы суды сіміріп, жасөспірімдермен жаға жыртысқан мамандардың әрекеті ата-аналардың төбе шашын тік тұрғызған.


Кеше кешке басталған қырғын төбелес Алматыдағы Қарасу ықшамауданында болыпты. 14-15 жастағы төрт оқушы өз аулаларында мотоцикл үстінде әңгіме айтып отырған. Осы кезде ішімдікке сылқыя тойып алған екі еңгезердей азамат келіп, оларды түркілей бастапты. Әуелі мас екен деп жеткіншектер мән бермегендерін айтады. Бірақ бірінің бетінен ұрып, екіншісін жұлқылаған соң, ата-аналарын шақыруға тура келген.


“Біз оларға еш кедергі келтірмедік. Олар жүретін жер әжептеуір кең еді. Өздерінен өздері тиісе бастады. Сосын біз де қарап қалмай бәрін телефонға түсіріп тұрдық. Сол үшін досымның бетінен оңдырмай бір ұрды”, - деді жәбірленуші Роман Елак.


Тура көше бойында ұрыс шығарғандар №160 мектептің мұғалімдері көрінеді. Тұрғындар ұлағатты ұстаз деп алғашында аса бата да алмаған. Бірақ адуынды екі педагог сыйлағанды білмей, жағамызды жыртты дейді. Ауыздарынан ақ ит кіріп, қара ит шыққан соң, өздері де қорғануға кіріскен. Сөйтіп, әйелдерге қол көтергенін көріп, жеткіншектердің бірінің әкесі итеріп жіберуге тура келгенін айтады.


“Құрбымның артынан келіп екеуінің бірі ұрды. Содан менің күйеуім шыдай алмай, итеріп қалған. Аяқтарында әрең тұрған кісілер ғой, бірі жерге құлады. Біз көшедегі күнде ішетін адамдар ма десек, мұғалімдер екен. Осындағы барлық тұрғын танып отыр”, - дейді жәбірленуші Зоя.


Мыңдаған оқушыны тәрбиелеп отырған ұстаздардың көшеде ішімдік ішіп, шәкірттеріне тиіскен қылығынан қалалық басқармадағылардың да шаштары тік тұрды. Ал мектеп директоры - бірі дене шынықтыру сабағының мұғалімі, екіншісі өзінің оң қолы екенін айтады. Яғни басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Еңбек өтіліне елден бұрын 1 маусым күні шығыпты. Енді, шақыртса, екеуі де әлі білім ошағына төбе көрсетпеген.


Айта кету керек, екі ұстаздың бірінің 30 жылдық, екіншісінің 20 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Ата-аналар егер, мұғалімдеріміз көшеде төбелес шығарса, баламызға қандай тәрбие береді деп алаңдады. Ал, мектеп директоры педагогтардің бұл тәртібіне екілік баға қойғанымен, жұмыстан кету кетпеуін әлі шеше қоймапты.


Бұған дейін мектеп меңгерушісі мен мұғалімінің балаларды ұрғаны туралы видеоны жариялаған едік.


stan.kz




Көрілген: 2084    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.06.2019, 23:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31