Қылмыс

Алматыда "мәселе шешкіш", пысықай ұсталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматы полициясы “көп функцияналды” алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, шаһардың үш тұрғынын алдады деп 27 жастағы Е.есімді азамат күдікке ілінді. Оның әрекеттерінен келтірілген жалпы материалдық шығын 36 миллион теңгені құрады.

 

– Зардап шеккендердің бірінің нұсқасы бойынша, ол Е.есімді азаматты бұрыннан біледі, ол бірнеше тиімді тендерлерді ұтып алдым деп сендіріп бірлескен кәсіпке ақша салуды ұсынды. Оған қаражат аударылғаннан кейін ол хабарласуды тоқтатты. Сотқа дейінгі тергеу барысында тағы екі қылмыстық эпизод анықталды. Бір жағдайда, ер адам өзін тергеуші ретінде таныстырып, қылмыстық істі тоқтатуға көмектесуге уәде беріп, басқа адамдардың ақшасын жымқырған, екіншісінде – элиталық автокөлікті төмен бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде еткен, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

 

Тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Тергеу шаралары жүргізілуде.

 

 




Көрілген: 474    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 12:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31