Алматыда мәйіттері табылған содырлардың жеке басы анықталды

20 қаңтар 2022, 19:54

Алматы қаласы полиция департаменті террористік шабуылға қатысқандар көмілген орындағы мәйіттердің жеке басы анықталғанын хабарлады.

 

"Олардың жеке басы анықталды. Сот-медициналық сараптамалар Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады", - делінген хабарламада.

 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек биыл 4-8 қаңтарда қалаға террористік шабуыл жасауға қатысқандардың мәйіті көмілген орынның табылғаны туралы ақпаратты растады.

 

Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар жағасып жатыр.

 

"Иә, растаймыз. Расында да мәйіттер табылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сондықтан мәйіт саны қанша екенін нақты білмейміз. Жедел тергеу тобы жұмыстарды аяқтағаннан кейін толық ақпарат ұсынылады", - деді Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстан тілшісіне.

 

Оның айтуынша, тергеу барысында содырлардың кім екені және олардың қай діни ағымды ұстанғаны анықталады.

 

 

 

sputnik.kz