Қылмыс

Алматыда парамен ұсталған судья бостандықта жүр

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов пара алды деген күдікпен ұсталған судьяның жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Әбілхайыр жоғары судья атағына нұқсаң келтіретін теріс қылық жасады. Ол ұсталды және тиісті органдармен жеткізілді. Сол кезеңде ол еңбек демалысында болған. Бүгінгі күні оған қатысты санкция қолданылған жоқ, ол бостандықта, бірақ тергеу жүріп жатыр. Судья әдебі жөніндегі комиссия бұл істі қарады. Дерек расталды. Қазіргі уақытта судья қызметінен уақытша шеттетілді. Тексеру материалдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот алқасына жіберілді. Оны қызметінен босату мәселесі көтерілді. Ал судьяның кінәсін немесе кінәсіздігін сот талқылауы барысында анықтайды", - деді Нұрғазы Әбдіқанов.


Ол сондай-ақ, судья Әбілхайырдың сот жүйесінде 10 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Медеу аудандық сотына ол Алматы облысы сотынан ауысып келді. 2018 жылы Алматы қалалық соты оны жұмыс кезінде заңды өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босату туралы мәселені көтерді, алайда коллегиялық отырыста ол ақталып шықты.


Осыған дейін, алматылық судья пара алғаны хабарланды.


Антикоррупциялық ведомство мәліметінше, ол азаматтық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін қомақты сома алған.



"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, Алматы қалалық сотының судьясы пара алу дерегін анықтады. Судья делдал арқылы (Алматы қаласы аудандық сотының сот отырысының хатшысы арқылы) оның өндірісіндегі азаматтық іс бойынша мәселені оң шешкені үшін 3 000 АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деді агенттік өкілдері.


 




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 18:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31