Алматыда пәтер сату бойынша жалған келісім-шарт жасаған күдікті ұсталды

09 қазан 2021, 16:06

Алматыда пәтер сату бойынша жалған келісім-шарттар жасаған алаяқ қолға түсті. Күдікті соңғы рет жәбірленушілердің бірін алдап, 11 миллион теңгесіп алып кеткен, деп хабарлайды деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Қамауға алынған 35 жастағы азамат Ақмола облысында туған. Ол пәтер сату туралы хабарландыруды беріп, жалған шарттар жасаған.

 

Ол пәтер сату туралы хабарландыру берген. Сатып алушылар хабарласқанда жалған сатып алып-сату шартын жасап, ақшаға қол жеткізген бойы сатып алушымен байланысын тоқтатып, бой тасалаған. Жауапкер соңғы келісімді 11 миллион теңгеге жасағаны анықтады, -деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Р.Әбдірахманов.

 

Алаяқтық бойынша қолға түскен күдіктіден бірнеше адам зардап шеккені белгілі болды. Бірақ полиция алданғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деп болжайды.

 

Енді күдіктінің қылмысы толық дәлелденген соң жеке мүлкін тәркілеумен бірге шектеу немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырылуы мүмкін.