Қылмыс

Алматыда полицеймен жаға жыртысқан азаматтар қамауға алынды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда полицейлермен жаға жыртысқан адамдар қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Полицияның хабарлауынша, 1990 және 1992 жылы туған, сондай - ақ 1986 жылы туған азаматтарға қатысты ҚР ҚК 380-бабында (билік өкіліне қатысты күш қолдану) және ҚР ҚК 378-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық істер тергелуде.

 

«Үш күдікті қамауға алынды. А. есімді азамат Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, 1992 жылы туған Л. есімді азамат төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзып, заңға қайшы әрекеттері үшін айыпталды, ҚР ӘҚБТК 478-бабына сәйкес, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - делінген хабарламада.

 

ВИДЕО:   www.youtube.com/watch

 

Әкімшілік қамауға алу аяқталғаннан кейін Л. есімді азамат қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚІЖК 128-бабы негізінде Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

«Әлеуметтік желіде бұған дейін таралған жазбаның авторы 1986 жылы туған Б. есімді азамат билік өкілін жария қорлау фактісі бойынша жауапқа тартылды»- деп хабарлады полицияда.

 

Еске салсақ, Алматыда полиция қызметкері мен бала серуендетіп жүрген ер адам жаға жыртысқан видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланған болатын.

 




Көрілген: 889    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2020, 08:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31