Қылмыс

Алматыда порностудия әшкере болды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Алматының Медеу ауданындағы жалға берілген пәтерлердің бірінде порностудия жұмыс істеген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ПД-ға сілтеме жасап.


Қылмыс орнында виртуал интим қызметін ұсынған қыздар және Қырғызстаннан келген бағдарлама жасаушы ұсталғаны айтылады. Ол қыздарға техникалық қолдау көрсеткен.


Сонымен қатар, тінту барысында процессор мен қызмет көрсету атрибутикасы тәркіленген.



"Мұндай студияда жұмыс техникалық қамсыздандырудан бастап үш ауысыммен жұмыс істейтін қыздарға дейін бір жүйеге келтірілген. Бір ерекшелігі, олар қызметін виртуал ұсынған. Қыздар веб-камера арқылы өз жалаңаш тәнін ақшаға көрсеткен, олар АҚШ пен Еуропа сайттарының қолданушыларына қызмет көрсеткен. Клиенттер мұндай қызметтің аққысын басқа елде орналасқан сервер арқылы онлайн түрде төлеп отырған", - дейді Полиция департаментінің басшысының орынбасары Данияр Меңдібаев.



Полицияның мәліметінше, "веб-модельдерді" жұмысқа іріктеу жарнама арқылы жүргізілген. Алайда әдетте уәде етілген мыңдаған долларды ешкім де алмаған.


"Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардан процестік тәртіпте жауап алынады, қылмыстық заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады", - дейді полиция өкілдері.



 




Көрілген: 1634    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.09.2019, 09:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31