Қылмыс

Алматыда ірі көлемде алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

  • Алматыда ірі көлемде алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

    Алматыда ірі көлемде алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Қылмыстық топ құны 68 млн теңгені құрайтын 3,1 келі алтынды шетел асырмақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық әрекетті Алматы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қалалық ұлттық қауіпсіздік комитеті деппартаментімен бірлесіп тоқтатты.

 "Тергеу барысында зергерлік бұйымдарды сату саласындағы екі кәсіпкердің "Алматы-Анталия" әуе рейсі арқылы 68 млн теңгеге жалпы салмағы 3,1 келі бірнеше алтын құймаларын тасымалдауға тырысқаны анықталды. Экономикалық контрабандаға әуе компаниялардың бірінің екі қызметкері көмектесті", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ақпаратта сот үкімімен айыпталушылар экономикалық контрабанданы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны айтылады. 

"Екі ұйымдастырушының әрқайсысына 3,3 млн теңге айыппұл түрінде, екі сыбайласқа 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу түрінде жаза тағайындалды.Тәркіленген алтын мемлекет кірісіне айналдырылды", - деп мәлімделді департаменттен. 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 16:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31