Алматыда судья пара алу үстінде ұсталды (видео)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы судьясының пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Судья делдал, яғни Алматы қаласы аудандық сот отырысының хатшысы арқылы өз өндірісіндегі азаматтық іс бойынша мәселенің оң шешілуі үшін 3 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін күдікке ілінді. Тергеу амалдары жалғасуда», - делінген таратылған мәліметте.
Ұсталған күдіктіге қатысты соңғы үкімді оның кінәлілік дәрежесін анықтай отырып сот шығарады.