Қылмыс

Алматыда тағы бір банктің топ-менеджерлері ұсталды

  • Фото: polisia.kz

    Фото: polisia.kz

Қазақстанның қаржылық мониторингі агенттігі Delta Bank-тің үш топ-менеджері, оның ішінде директорлар кеңесінің төрағасы Галина Шалғымбаева мен басқарма төрағасы Нұрбол Самзаев және басқарма мүшесі Кенжегүл Қанатпаева қамауға алынғанын растады.

 

"Бұл адамдарды ұстау фактісін растаймыз. Басқа ақпарат тергеу мүдделеріне сай жария етілмейді", &ndash деді Sputnik Қазақстанға қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

 

Бұған дейін Telegram желісінде банк басшылығының ұсталғаны туралы хабар тараған.

 

 

Айта кетейік, жуырда ғана қаржы мониторингі агенттігі Tengri Bank-тің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Ержан Шәйкеновтің қамауға алынғанын хабарлаған.

 

2020 жылдың қарашасында "Tengri Bank" АҚ бұрынғы топ-менеджеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны мәлім болған. Ол 5,4 млрд. теңгеден астам сомадағы банк қаражатын жымқыру фактісімен күдікке ілінген.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 19:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30