Қылмыс

Алматыда танымал жеңгетайлар ұсталды (видео)

  • Көрнекі фото.  https://36on.ru/

    Көрнекі фото. https://36on.ru/

Алматы полициясы танымал жеңгетайларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Күдіктілер қыздарға сауналар мен қонақ үйлерге баратын жұмыс тізбегін құрды және әр клиенттен өз үлесін алып отырды. Барлық қылмыстық “кәсіптің” қатысушылары жедел уәкілдердің назарына ілікті, көп ұзамай олар ұсталды және олардан жауап алынды.

 

– Қатысушы негізгі тұлға – 1988 жылы туған М.есімді ер адам қыздардың айтылған жерлерге баруын ұйымдастырған және үйлестірген. Ол жұмысшы қыздардан жеңгетайлығы үшін әр “сеансқа” 10 мың теңгеден өзінің үлесін алды.

Монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс жасайтын 1990 жылы туған С.есімді әйел де ұсталды. Егер жұмыс жасайтын жер монша кешені болса, қыздар оған 12 мың теңге көлемінде “алым” төлеген. Оның іс-әрекетінде де жеңгетайлық белгілері бар.

Жалпы 21 мен 24 жас аралығындағы қыздар бір клиенттен 18 мың теңгені өздеріне қалдырған.

Бұл тізбек ҚР ҚК-нің 309-бабы, 2-бөлігіне (Алдын ала келісім арқылы бірнеше рет адамдар тобымен жасалған жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысатын жезөкшелер үйін ұйымдастыру немесе ұстау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу кезінде материалдарға қоса тіркелген дәлелдемелер базасымен тіркеледі.

Қылмыстық іске такси-тасушы жүргізушілер де қатысады, олардың міндеттеріне интим индустриядағы әйел жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізу кіреді.

Қазіргі уақытта М.есімді ер адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша басқа айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

 

 

Сонымен қатар полиция интимдік қызмет көрсететін әйелдерді арнайы есепке қойғандығын хабарлады.

 

Бұл кәсіпті ұйымдастырушыларды мүлкін тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.

 

 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 17:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31