Қылмыс

Алматыда тапа-тал түсте біреулер балалы әйелге шабуыл жасады (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда ер адам арбамен бала сүйреткен әйелді тапа-тал түсте тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қылмыс дерегі Саяхат маңындағы аулалардағы камералардың біріне түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіде таралып жатыр.


Бейнекадрда түскі 15:20 шамасында басына кепка киген ер адам арбамен баласын сүйреп бара жатқан әйелдің артынан кеп, тұтқиылдан шабуыл жасаған. Ары қарай не болғаны белгісіз.


Полиция департаменті аталған видео туралы төмендегідей түсінік берді.


«Бұзақылық туралы хабарлама 15:40-та кезекші пультіне түсті. Жәбірленген әйелдің айтуынша, қылмыскер оның мойнындағы алтын алқаны алып кеткен. Жедел түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері маңайды тінтіп шықты. Күдіктінің сырт белгілері партуль қызметтеріне таратылды. Жетісу аудандық полициясы арнайы жедел-тергеу тобын құрды. Қазір бірнеше камерадағы видео іс материалдарына тіркелді. Күдіктінің кім екендігі анықталып жатыр. Бұл дерек ҚР ҚК 191-бабымен тергеу ісі реестірне тіркелді», - деді Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.






Көрілген: 1443    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 15:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30