Қылмыс

Алматыда тек әйелдерді тонаумен айналысқан қарақшы құрықталды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Полицейлер 30 жастағы жігітті кезекті құрбанының құнды заттарын алып қашып бара жатқан жерінен ұстаған. Сөйтсе, әлгі бұзақы 8 бірдей қыз-келіншекті ұрып-соғып, сөмкесі мен ұялы телефонын тонапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Күдікті арам пиғылын тек қас қарайғанда жүзеге асырып отырған. Түн ішінде көпқабатты үй аулаларында жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді тарпа бас салып, сөмкелерін алып қашқан. Оның тек бір адамға келтірген шығыны шамамен 150 мың теңге төңірегінде екен. Қазір әйелдерге сес көрсеткен қаскөй тергеу абақтысында отыр.


«ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының нормалары бойынша 3 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде. Бірақ бұл азаматтың қолынан бірнеше қылмыстың орын алуы жазасын ауырлатуы мүмкін. Қазірдің өзінде одан зардап шеккен 8 адам анықталып отыр, бұл тізім көп болуы мүмкін. Сондықтан, біз оның аты-жөнін, бет-бейнесін жариялап отырмыз. Егерде сол бойынша, таныған-білген, зардап шеккендер болса, Алматы қаласы бойынша, 298-52-80 және 298-52-82 телефондары арқылы бізге хабарласа алады», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК. 




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30