Алматыда тон сатушы алаяқ ұсталды
Алматыда қымбат бағалы тондардың жалған сатушысы ұсталды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.
 
Күдікті азаматшаны жедел қызметкерлер &ldquoHI-Tech&rdquo республикалық іс-шарасы барысында әшкереледі.
 
&ndash Біздің басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Алатау ауданының ПБ КПБ қызметкерлерімен бірге алаяқтық әрекеттері үшін күдікті азаматшаны ұстады. Тексеру барысында оның қылмыстық ниетпен  &ldquoИнстаграм&rdquo әлеуметтік желісінде онлайн киім дүкені ретінде аккаунт ашып, онда тері тондарының эксклюзивті модельдерін базар бағасынан төмен бағамен сату туралы жарнамаларын орналастырғаны, парақшасын  әдемі киімдердің суреттерімен толтырғаны анықталды. Көптеген азаматтар сатушыға сеніп, оның қулығына бой алдырған. Алаяқтың талабы бойынша тон сатып алғысы келетін адам оның букмекерлік кеңселердегі шотына ақша аударуы керек болатын. Алаяқ әйел ақша есепшотына түскеннен кейін телефонын өшіріп, сим-карталарын ауыстырып, сатып алушыны барлық мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде бұғаттап отырған, &ndash деп хабарлады Алматы қаласының  ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
 
Қазіргі таңда күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.