Қылмыс

Алматыда тұрғындар есірткі сатқандарды өздері ұстап берді

  • Алматыда тұрғындар есірткі сатқандарды өздері ұстап берді

    Алматыда тұрғындар есірткі сатқандарды өздері ұстап берді

Алматыдағы Алатау ауданы полициясының қызметін біз атқарып жүрміз деген тұрғындар, кеше түнде есірткіге ұқсас ұнтақ сатып алған адамдарды қуып жүріп ұстап алды. Осы ауданға қарасты Томирис шағын ауданының тұрғындары бұған дейін де полицияға шағымданып, белгісіз біреулер үй ауласын қазып, ұнтақ тығып кеткенін айтқанбыз, алайда жергілікті полиция еш шара қолданбады дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюроға" сілтеп хабарлайды.

Томиристиіктердің кеше бір түннің өзінде жиырма шақты адамды ұстап қаматыпты. Тұрғындар үй арасын тіміскілеп жүрген күдікті адамдарды көріп, қуып барып ұстап алыпты. Айтуларынша олар пышақ алып, сес көрсетіпті. Алайда бұған дейін де полицияға күдіктілерді ұстап берген жұрт одан қаймыға қоймапты.

 
Осылайша өздерін қорғауға бекінген тұрғындар Алатау аудандық Полицияға арыз да жаздық, шағым да қалдырдық, тіпті міне түні бойы жүріп есірткіге ұқсас ұнтақ толы көлікті де ұстап бердік деп отыр. Олар әлгі ұнтақты алуға келген азаматтар өздерін жын ұрғандай ұстап, көздері шарасына сыймай жүретінін үрейлене айтады.

"Міне мына жігіттің үйіне кірген бес қызы бар үйінде. Құдай сақтаған қайта тиіспеген. Шешесі анасы кіріп қалған қайта. Мына Ерінбетова 5-те тұратын азаматтар наркотик сатып алып келген жерінен ұстадық. Такси айтады Достық плазадан барып бір частный домнан сатып алды дейді", - дейді Томирис ауданы тұрғыны Қайрат.

Тұрғындар белгісіз көліктер жиі-жиі келеді деп, осы үйді торуылдап аңдыпты. Үйдің сырты қарапайым болғанымен, сыртында камера, келген кеткен адамды анық көрсетер дәу прожектор жарығы. Ауданның тыныштығын күзеткен жұрт бүгін Алатау аудандық Полиция басқармасынан бастап, аудан әкімдігіне дейін шағымданып барды. 

"Күні кеше ғана бұл азаматтар тағы да сол Томирис ықшам ауданының тұрғындарымен ұсталып, полицияның қолына табысталған болатын. Олардың жеке басын тінту кезінде есірткі заттарға ұқсас заттар табылды. Болжамымыз бойынша ол мифидрон болуы мүмкін. Ауыр синтетикалық зат", - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Ал, осы оқиғаны түсіруге барған журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіріп, күш көрсеткен полицейлерге қатысты Алматы департаменті тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 18:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31