Қылмыс

Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті

  • Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті

    Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті

Алматыда жүк контейнерлерін сатамын дееген желеумен тұрғындармен жалған келісімшартқа отырып, ақша алған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары аясында полицейлер контейнерлерді «сатқан» күдіктіні анықтады. Ол 26-жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

«М. есімді азамат алдау жоспарын жасап, сол бойынша әрекет еткен. Хабарландырулар беріп, келіссөздер жүргізіп, ақша алған. Сайттардың бірінде контейнерлерді төмен бағамен сататыны туралы мерзімді түрде жарнама беріп тұрған. Сатып алушы пайда болған кезде, айыпталушы онымен жалған шарттар жасасып, тауар мен жеткізу үшін жүз пайыз алдын ала төлем аудару туралы уағдаластыққа келеді. Тапсырыс берушінің қаражаты банк картасына аударылып, ақшаны алған соң, М. есімді азамат байланысқа шығуды тоқтатқан. Осыдан соң алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, жасырынған», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта бірнеше жәбірленуші анықталды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

сенбі, 25.09.2021, 00:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31