Қылмыс

Алматыда тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған әйел ұсталды

  • Алматыда тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған әйел ұсталды

    Алматыда тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған әйел ұсталды

Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған алаяқ әйел ұсталды.

Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, ұсталған М. есімді әйел алаяқтық әрекеті үшін бұрын сотталған болып шықты. Бұл жолы 60 жастағы әйел өзін саяси партия мүшесі ретінде таныстырып, адамдардың сеніміне кіріп, олардан ірі көлемде ақша алған.

«Алаяқтың арбауына түскендердің көбі өзінің таныстары. Араларында баспанаға мұқтаж емес, тіпті бақуаты тұратындары да бар. Олардың таныстарының сөзіне сенгені соншалық, кейбіреуі тіпті банктен несие де алған. Қаржыны тұрғындар алдын ала пәтер кезегіне тұру үшін берген. Адамдардан алынған қаржы көлемі 300 мың мен 1,5 теңгенің аралығында. Алайда, әккі келіншектің біреуге көмектесу деген ниеті болмаған. Оған алданғандардың ешқайсысы баспаналы болмады. Ал алаяқтық жолмен қолына түскен қаражатты әйел жеке пайдасына жұмсаған»,&ndash дейді Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Қазіргі таңда, күдіктінің осындай сегіз алаяқтық қылмысқа қатысты бар екені анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

aikyn.kz




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 02:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31