Алматыда ұры сезімге берілген ғашықтардың телефонын үптеп кеткен

20 шілде 2023, 12:51

Алматыда телефон ұрлаған азамат видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, ұрлық Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысына жақын жерде орналасқан аллеяда болған.

 

– Оқиға таңғы 04:30-да өрбіді. Жастар орындықта отырып, белгісіз біреудің артынан келіп, IPhone телефонын ұрлап кеткенін байқамай қалды.

Қаскөйдің қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп, қылмысты ашуға жақсы көмек болды.

Бұл – 33 жастағы С.есімді азамат болып шықты.

Ол ұсталып, ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

 

 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz