Қылмыс

Алматыда ұсталған судьядан 4,5 миллион доллар тәркіленгені талқыланып жатыр

  • https://aikyn.kz/

    https://aikyn.kz/

Алматы қаласының соты ұсталған судьядан аса ірі көлемде қаражат тәрікіленді деген ақпаратты жоқ шығарды.

 

«Әлеуметтік желілерде Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованы тінту кезінде төмендегідей ақша табылды деген ақпарат тарады: (кабинетінен 4 500 доллар, үйін тінту барысында 2 800 000 доллар, жеке көлігінен 600 000 доллар, застройщиктен – 1 180 000 доллар пара алған). Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Судьяның кеңсесінен 10 000 доллар тәркіленді, үйінен ештеңе табылған жоқ»,- деп хабарлады Алматы қалалық соты.

 

Судьяның өкілеттігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының бұйрығымен тоқтатылды.

 

Алматы қалалық соты жалған ақпарат таратумен айналысқан адамдарды жауапқа тарту туралы Алматы қаласының прокуратурасына арыз түсірді.

 

Бұған дейін алматылық судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Ұсталған судьяға қатысты ҰҚК департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 761    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 18:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30