Қылмыс

Алматыда вакцинация паспортын сатқандардың бірі ұсталды

  • Алматыда вакцинация паспортын сатқандардың бірі ұсталды

    Алматыда вакцинация паспортын сатқандардың бірі ұсталды

Электронды вакцинация төлқұжаттарын сатқан күдіктілердің бірі ұсталды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Құжатты сатып алу үшін журналист өзін менеджермін деп таныстырған Ажар есімді белгісіз әйелге 15 мың теңге ақша аударады. Артынша төлқұжат жібереді.

 
"20 минуттан кейін бақылаушыдан вакцинаның алғашқы дозасы алынғанын растайтын құжат келді.  Полиция жалған құжат жасаушыны ұстады", - делінген хабарламада.

Полиция күдіктіні ұстап, қалалық полиция департаментіне жеткізді. Белгілі болғандай, келіншек екі жылдан бері декреттік демалыста отырған қалалық емханалардың бірінің медбикесі болып шықты. 

Күдіктінің телефонынан әртүрлі азаматтардың жеке куәліктеріның суреті табылды. Дегенмен әйел оның барлығына қызмет көрсететкенін жоққа шығарды.

Оның айтуынша, ол алынған ақшаны және жеке куәліктерді базаға вакцинация туралы ақпаратты енгізген дәрігер Индираға берген.

Полицейлер Индира есімді дәрігер 21-емханада жұмыс істейтінін анықтады. Бірақ дәрігер жұмыс орнынан табылмады. Емхана басшылығы жағдайды естіген бойда дәрігерді жұмысынан шеттетті.  Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.


"Аталмыш дерек сот алды біріңға тізілімде Қылмыстық кодекстің 385-бабы "Жалған құжаттарды жасау, дайындау және сату" дерегі бойынша тіркеліп, анықтау басқармасы тергеуді жүзеге асыруда. Осы іске қатысы бар тұлғалардың іс әрекетіне құқықтық тұрғыда баға берілетін болады", - деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек. 

Жалған құжаттар жасағаны үшін айыпталушылар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда вакцинациядан өткені туралы электронды паспорттан сатылып жатқаны туралы айтқан болатынбыз. 




Көрілген: 800    Пікірлер: 0

сенбі, 01.05.2021, 11:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30