Алматыдағы әйел мен екі баланың өліміне қатысты жаңа деррек шықты

08 тамыз 2022, 15:53

Алматыдағы "Спутник" тұрғын үй кешеніндегі әйел мен екі баласының өліміне қатысты кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалған. Қазір аталған дерек прокуратураның ерекше бақылауында, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел мен екі баласының мәйіті 6 тамызда қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылған. Мәйіттерде зорлық-зомбылық іздері болған.

 

"Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды, видео материалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр", - делінген хабарламада.

 

Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық істі ерекше бақылауына алған.

 

Айта кетейік, Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына "Мамыр" шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.