Қылмыс

Алматыдағы көлікпен адамдарды қуып жүріп басқан ағайындылар ісі

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаяу жүргіншілерді көлігімен қасақана қаққан ағайындылардың ісі бойынша жарыссөз өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мен соттан Жандос Әлікеевті 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын»,– деді прокурор.

 

Мемлекеттік айып тағушы Дінмұхаммед Әлікеевке де сонша жыл сұрады.

 

Естеріңізге салайық, 26 тамызда таңғы сағат 5-те Алматы қаласы Бостандық ауданы Гагарин көшесінде болған қақтығыстан кейін бір тараптың өкілдері өз қарсыластарын автомобильмен қағып, қылмыс орнынан бой тасалаған. Видео әлеуметтік желіде тараған болатын.

Кейіннен полиция адамдарды қаққан көліктерді тауып, тәркіледі. Екі көлік айғақ зат ретінде ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Содан кейін, күдіктілердің ағайынды екені анықталды. Олардың анасы ұлдарының мұндай қадамға өздерін қорғау үшін барғанын алға тартты.

Полиция 27 тамызда 1995 жылы туған Жандос Әлікеевті ұстады. Ал екінші күдікті 16 қыркүйек күні ұсталды. Ол Алматы облысының аумағында полициядан жасырынып жүрген.

Бұған дейін, сотта екі жәбірленуші сотталушыларға қарсы ешқандай шағымдары жоқ екенін айтқан.


 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.02.2020, 17:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29