Қылмыс

Алматыдағы "Мега Тау" сауда орталығында ұрланған телефондар сатқан жігіт ұсталды

  • Сурет : Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

    Сурет : Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесе отырып ұрланған телефондарды сатумен айналысатын халықаралық арнаны жапты, деп хабарлайды kaz.zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясының арнайы операциясы негізінен Қордай кеден бекетінде жүргізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ізкесушілер 1996 жылы туған қырғыз азаматы тізгіндеген Honda көлігін тоқтатты. Көліктің жүк салғышынан құжаты және SIM картасы жоқ әртүрлі маркалы 45 ұялы телефон шықты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Ұсталған азамат осы жылдың жаз айынан бастап Алматыда қолданылған телефондарды төмен көтерме бағамен сатып алумен айналысқанын айтты. Ол Алматыдағы "Мега Тау" сауда үйінде ұялы телефондар сататын тек бір саудагермен жұмыс істеген.

- Ұсталған адамның айтуы бойынша, ол екі жерлесімен бірге апта сайын Алматыға келіп, ондаған смартфондар мен басқа да гаджеттерді сатып алып, оны Бішкекте жоғары бағаға сатумен айналысқаны анықталды. Сонымен бірге, Алматыда арнайы жасақ сарбаздары "Мега Тау"-дағы 1989 жылғы сатушыны ұстады. Ол ұрланған ұялы телефондарды сатумен айналысқанын мойындады. Оның жұмыс орнында тінту жүргізу кезінде 64 ұялы телефон тәркіленді, - деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.
Сонымен қатар полиция басты қылмыскерлерді ұстау алдында олардың заңсыз әрекеттерінің негізінде процедуралық жолмен дәлел жинап, оны қылмыстық іс материалдарына тіркеп отырған.

- Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Таяу уақытта ұрланған телефондарды Алматыға қайтару шаралары қарастырылып жатыр. Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын біз Алматыдан ұрланған 100-ден астам мобильді құрылғыларды Қырғызстан аумағынан тауып, оны тәркілеп, кейін заңды иелеріне қайтарғанбыз, - деді полковник Зиадин.

Сондай-ақ, Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі бұған дейін ұрланған мүлікті иемдену және сату мәселелері Алматы қаласы прокуратурасының Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланғанын да қоса атап өтті.

 




Көрілген: 288    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.12.2019, 14:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31