Қылмыс

Алматыдағы танымал психологты 1,5 млн теңгеге тапсырыспен соққыға жыққан

  • Светлана Божко . Фото: Facebook

    Светлана Божко . Фото: Facebook

1 жарым миллион теңгеге адам ұрғызған! Алматыда оңбай таяқ жеген психологтың адвокаты бұзақының біреулердің тапсырысын орындағанына сенімді. Айтуынша, күдікті оқиғадан соң бірден барып банктегі кредитін жапқан.


Елена Третьяк, С. Божконың адвокаты:


- Күдікті банктегі 1 жарым миллион теңге көлеміндегі автокөліктің қарызын жапқан. Ақшаны қайдан алғанын айтпай отыр. Тергеу анықтағандай, ол еш жерде жұмыс істемейді. Күнделікті таксист болып жүрген адам. Сонда ол осыншама соманы бір күнде қайдан алды? Сол себепті де, мұның тапсырыс екеніне еш күмән жоқ. Қазір тапсырыс берушіні де тауып, жазаға тарту туралы өтініш түсірдік.


Күдікті банктегі 1 жарым миллион теңге қарызын оқиғадан соң ертесіне барып төлеп тастаған екен. Ал, несиеге ол «Мерседес» көлігін алған.


Такси жүргізушісі ақшаны қайдан алғанын тергеушілерге түсіндіріп бере алмапты. Сол себепті де, зардап шеккен Светлана Божконың адвокаты оның әлде біреулердің тапсырысын орындағанына сенімді болып отыр. Яғни, істе тағы бір күдікті бар деген сөз.


Бірақ та, тапсырыс берушінің табылуы екіталай. Себебі, әйелді кастетпен оңдырмай ұрған бұзақы оны ұстап бермек түгілі, қолымен жасаған ісін мойындамай отыр.


Естеріңізге салсақ, белгілі психолог Светлана Божконы өз үйінің ауласында артынан ілесіп кірген бұзақы кастетпен оңдырмай соққыға жыққан болатын. Салдарынан, әйелдің түрінен түр қалмаған.


Дәрігерлер мұрын орнына силикон қойып, ал сынған жақты пластинамен алмастырды. 4 бірдей ота жасаған ақ халаттылар келіншектің бұрынғы келбеті қалпына келуі екіталай деп отыр. Соққының кесірінен ол тіпті сөйлей де алмай қалған.


Ал, әйелді аса жауыздықпен ұрды делінген 28 жастағы жігіт қамауда отыр.


ktk.kz


 




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 09:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31