Алматыдағы тәртіпсіздікте қос мылтықты қолды қылған күдікті қолға түсті (видео)

11 қаңтар 2022, 14:50

Күдікті бірнеше қаруды қала шетіндегі карьерлердің біріне жасырған, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Қалалық полицияда бүлік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қос мылтықты жасырған күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның қаруды қайда тыққаны анықталды. Тәртіп сақшылары екі мылтық тәркіледі. Қару ұрлаған Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

 

Бейнежазбада ол қару-жарақ дүкенінен өзге адамдардың да біраз қаруды қолды қылғанын айтады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты өзге де деректер анықталып жатыр.