Алматыдағы үш ақша айырбастау пунктінен 300 млн теңге ұрланған

10 қаңтар 2022, 20:49

Ақша айырбастау пунктері қауымдастығының мәліметінше Алматы қаласында үш айырбастау пункті тоналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

Белгілі болғандай, әрбір айырбастау пунктісінен кем дегенде 100 млн теңге ұрланған.

 

«Нарықтың басқа қатысушыларына келтірілген шығын мөлшері туралы ақпарат кейінірек белгілі болады. Ұлттық Банктің талабы бойынша айырбастау пунктерінің әрқайсысының кассасында жарғылық капиталдың кемінде 100%-ы болуы тиіс. Сондықтан көптеген ақша айырбастау пунктерінде жарғылық капитал кассада болған», ˗ деді айырбастау пункттері қауымдастығының басшысы Арчин Ғалымбаев.