Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматылық алаяқ жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған

03 тамыз 2022, 11:16

Полицейлер Алматы қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, алматылық азамат жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған алматылық қыз ұсталды. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, тұрғындарды алдап, алаяқтық жолмен ақша алған – 24 жастағы Г. есімді азаматша. Жәбірленушілер болса, ірі көлемде ақша бере отырып, оған еш күдіктенбеген.

Қазір біздің бөлімшеде осыған ұқсас үш дерек тіркелді. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу қыздың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қала полицейлері азаматтарға сақ болуға және ақылы түрде күмәнді қызметтерді уәде еткен бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.