Қылмыс

Алматылық ару Түркістан облысы тұрғынын тақырға отырғызып кетті

  • © kursiv.kz

    © kursiv.kz

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жолмен тұрғыннан ақша алған алматылық қызды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Созақ АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған.

 

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз азаматша өзінің банктерден алған несиелерінің үстемақысын жойып беремін деп алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алып, жоғалып кеткен.

 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден кірісті. Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасалды.

 

Нәтижесінде полицейлер, күдікті қызды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

 

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматшаның бас шарасы қолхатпен босатылды.

 

Белгілі болғандай жәбірленуші азаматша күдіктімен интернет желісі арқылы танысқан. Содан соң ол түрлі жарнамаларды жіберіп, сеніміне кірген. Осылайша алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алып, өзінің бас пайдасына жұмсап жіберген.

 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жақын таныс емес адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге алданбаңыздар деп кеңес береді.

 

Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

 

 




Көрілген: 811    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 10:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31