Алматылық әйел қызғаныштан күндесін сегіз жерден пышақтаған

22 қазан 2021, 19:01

Алматы облысында әйел адам қызғаныштан күндесін сегіз жерден пышақтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

«Алматы қалалық клиникалық ауруханасынан шамамен 4 сағат 30 минут ішінде Қарасай аудандық ПБ кезекші бөліміне мас күйде 32 жастағы әйелдің көптеген жарақатпен жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің тұрғылықты жеріне барған тергеу-жедел тобы оқиға болған жерді тексеру барысында жалға алынған үйде ішкілік болғанын анықтады. Бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізгеннен кейін Қарасай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жәбірленушінің кафеде демалғанын, артынша сол жерден бейтаныс жұпты ертіп, ішімдік ішуді үйінде жалғастырғанын анықтады», - деді облыстың полиция департаменті.

 

Болжам бойынша олардың тағы біреуі жарақат алған. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, тауып, ұстады.

 

Дәлелдер көрсетілгеннен кейін ол қылмысын мойындады. Ішкілік кезінде жәбірленуші әйел сүйіктісіне ерсі қылықтар көрсеткенін, нәтижесінде қызғаныштан ас үй пышағын кеудесіне бірнеше рет сұғып алғанын жеткізді», - деді полиция.

 

Қылмыс құралы – пышақ тәркіленді. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабының тәртібімен УҰИ-ға қамауға алынды.

 

Аталған факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі; 99-бабы 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.