Қылмыс

Алматылық әйел өзін екі көршісі бірнеше сағат бойы зорлағанын айтты

  • Алматылық әйел өзін екі көршісі бірнеше сағат бойы зорлағанын айтты

    Алматылық әйел өзін екі көршісі бірнеше сағат бойы зорлағанын айтты

Алматылық әйел өткен жылдың тамыз айында өзін көршілері зорлағанын айтты. Осы уақыт ішінде әйел олардың кінәсін дәлелдеуге тырысып жүр. Ол зорлаушылар жазадан құтыла алады деп қорқады, өйткені айыпталушылар «тергеуге қысым жасау» үшін жан-жақты тырысып жатыр.

 

Светлана қайғылы күн туралы көзіне жас ала айтып берді. Ол таңертең қайтыс болған құрбысының ұлына қонаққа барғанын айтады. Оның жағдайын білген соң алматылық әйел үйіне қайтпақ болады, бірақ табалдырықта оны басынан ұрып есінен тандырады. Ол есін жиғанда моншада жатқанын айтты", - деді әйел Евразия бірінші арнасының тілшісіне.

 

Светлана өзін екі ер адам қатты ұрып, зорлағанын есіне алады. Олардың бірі құрбысының ұлы.

 

Үнемі есін жоғалтқанына қарамастан, әйел оқиғаны есіне алады: оны зорлаушылар алкоголь мен есірткінің әсерінде жүрген. Алматылық әйелдің айтуы бойынша, қорлау бірнеше сағатқа созылды.

 

Светлана айқайлап, жалбарынса да оған ешкім көмектеспеді. Амалын тауып, ол жерен қашып кеткен. Бұл азаптан құтылу үшін әйелге бірнеше ай қажет болды. Зорлаушылар қамауға алынды. Қазір алматылық әйел сот процесін күтуде, бірақ Светлана оның нәтижесіне сенімді емес. Ол ақымақтық пен аяушылықтан көршісінің досының әрекетін жалған куәлік беру арқылы жоқа шығарғанын айтады. Әйел өзін қайтыс болған құрбысының ұлы ғана зорлағанын айтты.

 

Екінші қылмыскердің анасы ұлын айыптамауды жалына сұрағанын айтады. Әйел оны қорлайтындар жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Ол өзінің 15 жасар қызының тағдырына алаңдайтынын айтады. Светлана құқық қорғаушыларға көмек сұрап жүгінді.

 

stan.kz




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 08:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30