Алматылық дәрігер 11 жасар баланың зорланғанын хабарлады

29 шілде 2022, 13:59

Алматылық дәрігер 11 жасар баланы тексергеннен кейін оның зорланғанын хабарлады. Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-те жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Ер бала дәрігердің қарауына туысымен бірге келген. Ол артқы тесігінің ауыратынын айтқан. Дәрігер баланы қараған соң, оның бірнеше рет зорлыққа ұшырағанын түсінген. Балаға хирургиялық ота керек. 
"Бұл істің егжей-тегжейлі мәліметтерін жариялай алмаймыз, бірақ сұмдық", – деді Дина Таңсәрі.

Қоғам белсендісінің пікірінше, мұндай дәрігерлердің еңбегі ел алдында елену керек. Өйткені көптеген медицина мамандары өз болашақтары мен қызметтері үшін алаңдап, зорланған балаларды қараудан бас тартады. 
"Дәрігер жарады. Ол бірден бас дәрігерге қылмыс жайлы хабар берді. Біздің қорға жазып, шара қолдануды сұрады. 

Ал мен бірден бар ақпаратты Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаровқа және Алматы қаласының прокурорына жібердім. 

Дәрігер хабар беріп қана қоймай, полициямен бірге баланың тұратын жерін іздеуге аттанды. Қаһарман әйел. Басымды иемін", – деді қор басшысы.