Қылмыс

Алматылық өзінің көлігін өзі ұрлаған

  • Алматылық өзінің көлігін өзі ұрлаған

    Алматылық өзінің көлігін өзі ұрлаған

Алматыда өз көлігін ломбардқа қойып, ұрланды деп арызданған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


«30 жастағы көлік иесі жерлесімен бірге жоспар құрған. Олар «Тойота Камри-70» көлігін ломбардта кепілге қойып кеткен. Содан соң дәмханалардың біріне барып тамақ ішіп алған соң, полицияға көлігінің жоғалғаны туралы арызданған», -д еді қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.


Полиция іздестіру жұмыстарын бастаған кезде «ұрланған» көліктің ломбардта кепілде тұрғанын анықталған.


Көлік ұрлау дерегінен сақтандырылған болып шықты. «Күдіктілер екінші сұрақ-жауаптан соң көлікті өздері ұрлағандарын мойындады. Олар көлікті ломбардқа 8 000 000 теңгеге кепілдікке қойған әрі ақшаны алған. Сақтандыру сомасы шамамен 12 000 000 - 13 000 000 теңге шығатын еді. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ал күдіктінің сыбайласына қатысты ҚР ҚК 420-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Ал көлікті алып кеткен адамды табу - уақыт еншісінде», - деді Ысқақов.


Қостанай облысының тумалары мұның алдында көлік ұрлап, есірткі заттарын сатқаны, қыз зорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.


Айта кету керек, бұған дейін 34 жастағы Алматы тұрғыны өз көлігін өзі ұрлап, полиция қызметкерін соққыға жыққанын хабарлаған болатынбыз.


Ол көлікті ұрлатып жіберіп, сақтандыру полисін алғысы келген.


 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 20:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30