Қылмыс

Алматының бұрынғы бас дәрігеріне 240 миллион теңге айыппұл салынды

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Алматының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Ол аса ірі көлемде пара берді деген күдікке ілінген болатын.


"ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1 және 2-тармағының 3-бөлігі бойынша ("Пара беру") айыпты деп танылып, 240 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлесін. Айыппұлды төлеу мерзімі - бір жыл", - деп оқыды үкімді судья.


Айыптау актісіне сәйкес, бұл заң бұзушылықтар 2018 жылдың тамызында анықталған болатын.


Алматы қаласының прокуроры жоспардан тыс тексеру жүргізген еді. Кейінірек сот барысында ведомство өкілдерінің пара беру бойынша арнайы жоспар дайындағаны анықталды: үш жылда 25 мың доллар мөлшеріндегі пара. Серікбол Мусиновтің қоластындағылары осы жоспардың барлығын басшысына ұсынып отырған.


"Осылайша, Мусинов Боранбаевамен және Серікбаевпен бірге лауазымды тұлғаға 25 мың доллар мөлшерінде пара берген", - деді мемлекеттік айыптаушы.


Еске салайық, ақпан айында Алматының бұрынғы бас дәрігерінің пара берді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.


Серікбол Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен 2018 жылдың қыркүйегінде босатылған еді.


 




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 22:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31