Қылмыс

Алматының қақ ортасында қарулы адам ұсталды

  • Алматының қақ ортасында қарулы адам ұсталды

    Алматының қақ ортасында қарулы адам ұсталды

Көк базар маңында өзімен бірге екі газ тапаншасы мен нөмірі өшірілген бір сигналдық тапанша алып жүрген ер адам тұтқындалды

Ұлттық ұлан сарбаздары Алматы қаласының көшелерін патрульдеу кезінде суыт жүріп, жасырынуға тырысқан ер адамды ұстады. Тінту кезінде күдіктінің қалтасынан бірден үш тапанша табылды.

Оқиға өткен сәрсенбі күні кешке, Көк базар маңында болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жедел басқару орталығының кезекші бөліміне Медеу ауданындағы көшелердің бірінде қолында тапаншаға ұқсас қару ұстаған ер адамның көрінгені туралы хабарлама түсті. 5571 әскери бөлімінің әскери наряд кезекшісі Сабыржан Бейсен мен Қуаныш Торғаев бағдар алып, ер адам көрінген маңға шұғыл жетті", &ndash деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұлттық ұлан жауынгерлері оқиға орынанан алыс емес жерде сипаттамаға ұқсас адамды кездестіргенде, ол ізін суытуға тырысқан. Дегенмен, оны тұтқындау көпке созылмады және Медеу ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы ер адамды куәгерлердің қатысуымен тексерді. 26 жасар азаматтың қалтасынан екі газ тапаншасы мен нөмірі өшірілген бір сигналдық тапанша табылды.

Қазіргі кезде тергеп, тексеруді жалғастыру мақсатында ұсталған адам полиция бөліміне жеткізілді.

sputnik.kz




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31