Қылмыс

Алматының тауында туристерді тонаумен айналысқан қарақшы ұсталды

  • © Om1.ru

    © Om1.ru

Алматы полициясы тауға демалуға барған туристерді тонаумен айналысқан қарақшыны ұстады, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Медеу ауданының Бутаковка шатқалында демалуға барған туристер бірнеше рет полицияға арызданған. Оларға белгісіз біреу келіп, пышақпен қорқытып, ақша талап еткен, ұялы телефондарын тартып алған.


«Арыз түскен территорияларға полицияның қылмыстық тергеу тобы жіберілді. Олар көп ұзатпай 37 жастағы адамды ұстады. Күдікті бірқатар қылмыс жасағаны үшін істі болған. Ол қалада тұратын жері болмаған соң, лашық салып алып, тауда тіршілік еткен. Ары қарай өзін асырау үшін қылмысқа барған. Некен-саяқ жүрген адамдарды таңдап алып, канцеляриялық пышақпен қорқытып, ақшасын, құнды заттарын алып кетіп отырған. Бір туристке пышақ салған. Жапа шеккен адамның денсаулығына төнген қауіп жоқ. Алайда бұл оның жазасын ауырлата түсері анық», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.


Күдіктінің айтуынша, ол жалғыз әрекет етпеген. Қасында өзінен бірнеше жас үлкен сыбайласы болған.


«Сыбайласы жан-жақты бақылап отырған. Оның да жеке тұлғасы анықталды. Енді ұстау - уақыттың еншісінде ғана. Ең басты күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды. Егер осы адамның әрекетінен жапа шеккен адам болса 254-48-00; 254-48-01 және 254-48-02 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», - деді майор Тотыбаев.


 




Көрілген: 768    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 16:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31