Анасы 12 жасар қызының зорланып жатқанын видеоға түсірген

25 шілде 2022, 19:14

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкері Дина Төлебаеваның тергеу изоляторында жұмыс жасағанына 18 жыл болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Polisia.kz порталына берген сұхбатында сұмдық жағдаймен бөлісті.

 

“Әлі ойымнан кетпейтін бір іс бар. Бізде өз баласын сатқан ана бар. Ол 12 жасар қызының зорланып жатқанын видеоға түсірген. Ол әйелді көрген кезімдегі сезімді жеткізу мүмкін емес. Менің өзімнің үш балам бар. Ондай қатыгез болу мүмкін бе түсінбеймін”, - деді ол.