Қылмыс

Анасы мен әжесін өлімші етіп сабады: мән-жайды туысы айтып берді - видео

  • Анасы мен әжесін өлімші етіп сабады: мән-жайды туысы айтып берді - видео

    Анасы мен әжесін өлімші етіп сабады: мән-жайды туысы айтып берді - видео

Жантүршігерлік оқиға 14 тамызда түнгі 23:00-дің шамасында болған. Ер адам үйдің терезесін сындырып кіріп, өгей анасы мен оның шешесін соққының астына алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Қос кейуана ұйқыға жатайын деп отырғанда өгей баласы келген. Ол - екінші некедегі жұбайының ұлы. Терезені сындырып, үйге кіріпті. "Үйді маған бермедіңдер" деп, өгей анасы оның шешесін ағашпен ұрып- соғып, дене жарақатын салған", - деп мәлімет берді Келес ауданы әкімдігінің қызметкерлері.


Видеоны түсірген келіншек оқиғаның мән-жайын айтып берді. Ол - соққыға жығылған әйелдің қызы, бірақ есімін көрсетпеуді сұрады.



"Бұл оқиға Ақтөбе ауылдық округінің Құйған елді мекенінде болған. Біз Келес ауданына қараймыз. 91-дегі кісі – менің үлкен әжем, екіншісі – анам. Жасы 61-де. Анам осыдан 14 жыл бұрын бір кісіге тұрмысқа шыққан. Әжем екеуін соққыға жықққан сол кісінің екінші баласы. 57-ге келді. Түнде келіп, ұйықтайын деп жатқанда екеуін ағаш таяқпен ұрған. Себебін білмеймін. Екеуінің ми шайқалып кетті. Таңғы сағат 5:00-ке қарай анам есін жиып, маған қоңырау шалған", - дейді келіншек.


Ресми дерек бойынша, зардап шеккендер ауруханаға түскеннен кейін полицияға арыз берген. Қазір Қылмыстық кодекстің 149-бабы 2-бөлімі "Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу" және 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Бірінші бап бойынша айыпты 2 мың АЕК-ке (5 миллион 50 мың теңге) дейiн айыппұл төлеуі, я болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы, не болмаса екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша 1 мың АЕК (2 миллион 525 мың теңге) дейін айыппұл салынады, я болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не болмаса екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Қазір басбұзарды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.


 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

жұма, 16.08.2019, 22:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30