Қылмыс

Анасын ұрып өлтірген Риддер тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды

  • Анасын ұрып өлтірген Риддер тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды

    Анасын ұрып өлтірген Риддер тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Былтыр 30 қарашада Риддер қаласында А.Шушаков есімді азамат жанжал барысында анасының бетіне бірнеше рет соққы жұмсаған. Сондай-ақ оқиға кезінде ол ішімдік ішкен.

 
Арада бірнеше күн өткен соң (3 желтоқсанда) ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған 89 жастағы кейуана көз жұмды.

Риддер қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кінәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған) сәйкес қаралған қылмыстық іс мәресіне жетті. Сот барысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін жеткізді.

Сот қаулысы бойынша айыпталушы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Екі тарап та үкіммен келісіп, апелляциялық шағым түсірмеген. Үкім толықтай заңды күшіне енді.




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 14:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31