Қылмыс

Антисептик орнына су құйып қойған: Алматыда санитарлық талаптарды өрескел бұзған дәмхана анықталды

  • Антисептик орнына су құйып қойған: Алматыда санитарлық талаптарды өрескел бұзған дәмхана анықталды

    Антисептик орнына су құйып қойған: Алматыда санитарлық талаптарды өрескел бұзған дәмхана анықталды

Алматыда санитарлық талаптарды өрескел бұзған дәмхана анықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна мәліметінше, кезекті рет тексеруге шыққан Бостандық ауданының бақылау тобы жұмысын дәмханалардан бастады.

Антисептиктің орнына су құйғанынан бөлек, бұл дәмханада клиенттердің дене қызуын өлшейтін тепловизорды тек тексеруші топ кіріп келгенде ғана қолданыла бастады. Температура көрсеткішін тізетін журнал да болмай шықты.

"Біріншіден, сол нысанның басшысы лауазымды адамды бұйрық бойынша бекітпейді. Сол адам жауап беруі керек қой сол нысанға. Сосын маска көп жерлерде жеткіліксіз. Антисептиктің орнына бос құтыны пайдаланып, су құйып қояды. Сосын көп жерлерде тепловизор болғанымен, ешкімді өлшемейді", – деді Бостандық ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Сәуле Алпамышева.

Сондай-ақ, телеарна мәліметінше, санитар мамандар кеше Медеу ауданындағы бірнеше кәсіпкерлік субьектілерін тексерді. Нәтижесінде 1 дәмхана жұмысын тоқтатып, азық-түлік дүкендеріне ескерту жасалды. Мұнда арақашықтықты сақтайтын сызықтар сызылмаған. Санитарлық нормаларға немқұрайлы қарағандардың ісі сотқа жіберіледі.




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.06.2020, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31