Қылмыс

"Арамза әйел өзгелердің күйеулерінен бала босанады": Ақтөбеде ер адам ұлының анасына жала жапты

  • "Арамза әйел өзгелердің күйеулерінен бала босанады": Ақтөбеде ер адам ұлының анасына жала жапты

Ақтөбедегі сот көпшілік алдында баласының анасын өзгенің отбасын бұзды деп айыптаған ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іс Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сот алдына Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің 40 жастағы жедел уәкілі келді.

 
Соттың мәліметінше, 12 маусым күні таңертең Ақтөбе қаласының тұрғыны жергілікті Instagram-пабликтердің бірінен жаңа клиниканың ашылуы туралы жазбаны көрген. Медициналық мекемеде науқастарды акушер-гинеколог Т. қабылдайтыны жазылған.

Бұған жауап ретінде ер адам жаңа жазба жариялады: "Құрметті Ақтөбе әйелдері! Бұл арамза әйелге бармаңыздар. Ол өз науқастарының күйеулерінен бала туады және отбасыларын бұзады. Сөзіме оның ұлы Әмір дәлел бола алады".

Сот процесінде ер адам әйелдің өзінен жүкті болып, отбасын бұзғанын айтты.

Ол гинеколог туралы жазғаны шындық екенін түсіндіріп әлек болды. Қылмыс құрамының болмауына байланысты әкімшілік іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші дәрігердің бір кездері осы ер адамның баласын өмірге әкелгені және қазір оны тәрбиелеп отырғанын растады. Алайда, барлық науқастардың күйеулерінен бала туатыны туралы сөздер – беделіне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін өтірік. Дәрігер татуласуға бас тартты және құқық бұзушыны жазалауды сұрады.

Сот гинекологтың құқығын қорғап, ер адамды "Көпшілік алдында жала жабу" бабы бойынша айыпты деп таныды. Енді ер адамға 520 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Алайда ол сот шешіміне қарсы шағым түсіре алады.




Көрілген: 1159    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.07.2021, 20:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30