Қылмыс

Арнайы операция: Алматыда қару сатумен айналысқан топ мүшелері ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Арнайы операция барысында атыс қаруын сататын қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан.

"2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 қатысушысы ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 «Калашников» автоматы, 5 пистолет, 3 бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік патрон тәркіленді. Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана, сондай-ақ көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды. Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін компоненттер (селитра, жарылғыш дәрі және басқалары) алынды", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның шеңберінде тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайды.

 




Көрілген: 861    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 14:25

Достарыңмен бөліс:

2
СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған
2020
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
қаңтар
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31