Қылмыс

Әріптестен келген ажал

  • Сурет Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен

    Сурет Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен

Түркістан облысында инкасаторларды әріптесі өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"2019 жылы 7 маусымда кешкі сағат 18:16-да Арыс ПБ-нің кезекші бөліміне пошта бөлімшесінен екі инкассатор Задарья кенті бағыты бойынша қызметтік автокөлікпен шығып, Монтайтас ауылына соққаны туралы хабарлама түскен. Поштамен байланысқа шығып, Қожатоғай кентіне баратындарын айтқан, содан із-түссіз жоғалып кетіп, 12:00-ден кейін кейін байланысқа шықпаған. Автокөлікте ауылдықтардың зейнетақылары мен жәрдемақыларын төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден аса қаражат болған.


"Біз инкассаторлардың орналасқан жерін анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдадық. Полиция департаменті мен Арыс аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлері арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, олар жоғалған инкассаторларды іздеуге бағытталды. Жедел уәкілдер ауданнан кіру және шығу жолдарын, көше қиылыстарында орнатылған бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден сұрау және басқа да жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде, сол күні сағат 20.00-ден кейін жедел уәкілдер Арыс қаласынан 3 шақырым жерде тасталған автокөлікті тауып, автокөліктің салонында криминалистер қан іздерін тапты. Біз инкассаторларды құрбан болды деген пікірге бірден келдік. Инкассаторлардың мәйітін іздестіруді жалғастырып, келесі күні таңертең сағат 6.00-де аудан орталығынан 35 шақырым жерде басына оқ атылған жерден таптық", - делінген хабарламада.


Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтап, оны тұрғылықты жері бойынша ұсталған. Ол 1981 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған күдіктіден аңшы мылтығы мен ұрланған ақша тәркіленді. Ол демалыста жүргенде, жол бойында олармен бірге келе жатып, атып кетіп, ақшамен жасырынып жүргенін мойындады. Азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" және 192-бабы "Қарақшылық"бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінді. Ұсталған азамат қамауға алынды. Оқиға болған жердің барлық мәліметтері сотқа дейінгі тергеу барысында орнатылады", - деді Түркістан облысы ПД басшысы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков брифингте.


 




Көрілген: 779    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31