Қылмыс

Арыс қаласында ресми жиын барысында жастар төбелесіп қалған

  • Арыс қаласында ресми жиын барысында жастар төбелесіп қалған

    Арыс қаласында ресми жиын барысында жастар төбелесіп қалған

Түркістан облысы Арыс қаласында өткен ресми іс-шара барысында жастар төбелесіп қалған. Бұл көрініс әлеуметтік желілерге кеңінен тарап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық полицейлер әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан бұзақылық жасаған тұлғаларды анықтаған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған бейнежазба мониторинг жасау кезінде анықталған.

Оны тексеру кезінде оқиға Арыс ауданы ғимараттарының бірінде ресми іс-шара барысында орын алып, кейін көшеде жалғасқаны белгілі болды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркеген.

Артынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, төбелеске қатысушыларды тапқан.

Олар - екі оқу орнының студенттері, яғни жергілікті жастар болып шыққан.

Төбелескендер бірден полиция бөліміне жеткізілген.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша материалдар жиналған. Әкімшілік хаттама толтыру үшін СЭББ-ға жолданған. Сонымен қатар, бұл жайт бойынша бүгінгі күнге дейін полицияға ешкімнің арыз-шағым түспеген» делінген хабарламада.




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 08:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30