Арзан жолдама іздеген ақтаулықтар алданып қалды

05 тамыз 2022, 18:34

Ақтау қаласының полиция басқармасына алаяқтың тұзағына түскен үш жергілікті тұрғын арыз берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, алаяқ демалыс маусымын пайдаланып, тұрғындарды алдап, Түркияға саяхат жасау үшін арзан билет алып беруге уәде етті.

 

 Салдарынан жәбірленушілерг жалпы сомасы 2 734 000 теңге көлемінде залал көрді. Криминалдық полиция қызметкерлері «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 36 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Тергеу жалғасуда. Екі күнге созылған «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері 10 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.

 

Маңғыстау облысының полиция департаменті азаматтардан бейтаныс адамдарға негізсіз ақша бермеуді, көрсетілетін қызметтерді мұқият зерделеуді; жан-жақты пікірлермен танысып, содан кейін ғана қаржылық операцияны жүргізуді сұрайды, - делінген хабарламада.